Accessibility links

ИМ Кабулдағы синкх храмына шабуылды мойнына алды


Шабуыл жасалған маңда жылап тұрған әйел. Кабул, 25 наурыз 2020 жыл.
Шабуыл жасалған маңда жылап тұрған әйел. Кабул, 25 наурыз 2020 жыл.

25 наурызда бір топ содыр мен жанкештілер Ауғанстан астанасы Кабулдегі сикх храмына шабуыл жасап, кем дегенде төрт адам мерт болды. Ресми Кабул ауған күштері мен содырлар арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Әлемдегі террорлық топтардың хабарларын бақылап отыратын SITE Intelligence Group ұйымы бұл шабуылды “Ислам мемлекеті” тобы өз мойнына алғанын хабарлады.

Ауғанстандағы “Талибан” тобының өкілі шабуылға қатысымыз жоқ деп мәлімдеді.

Ауғанстандағы синхтардың өкілі, парламент мүшесі Нарендер Сингх Халса Азаттықтың Ауған қызметіне шабуыл жасалған храмнан 150-ден астам адамның шыға алмай қалғанын айтты. Оның сөзінше, храм ішінде қалып қойғандардың көбі – бала мен әйел.

AP агенттігі қаза болғандардың бірі бала деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG