Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 26 наурызда сағат түнгі бірден өте денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір Қазақстанда 81 адамнан вирус табылды: Алматыда - 32 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.
25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 454 мың адам вирус жұқтырды. 20550 адам қаза болды. 113045 адам дертінен айықты.
ПІКІРЛЕР