Accessibility links

Орал полициясы Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді


Мария Мельникова

25 наурызда Оралда полиция Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді. Журналистің сөзінше, екі сағатқа созылған тергеу кезінде полиция оған “жалған ақпарат тарату” қылмыстық ісінде куәгер екенін айтқан.

Мельникова Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеушісі Николай Вязников “тексеру шарасы үшін” ұялы телефонын алғанын айтады.

Тілшінің айтуынша, полицейлер оған бөлімшеге шақырту қағазын әкеліп, бірден тергеуге алып кеткен. Журналисті полицияға шақыртуға 24 наурызда Facebook парақшасына салған фото скриншоты себеп болған. Ол фотоны Instagram желісіне алған. Бұл фотода Оралдың орталық алаңындағы Абай ескерткіші “жоғалып кеткен”. Instagram желісінде сурет астында “Абай алаңындағы жөндеу жұмыстарының басталуы” деп жазылған.

Мельникова Facebook парақшасындағы жазбасына БҚО полиция департаменті баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков пікір қалдырған. Ол журналисті “халық алдында кешірім сұрап, жазбасын алып тастауға” шақырған. Белгібеков тілшіге осы жазбасы үшін жауапқа тартылуы да мүмкін екенін ескерткен. Кейін Мельникованы тергеуге алып кеткен.

Жергілікті “Уральская неделя” басылымы Белгібековке хабарласып журналисті тергеуі жайлы пікір алмақ болған. Белгібеков денсаулығына байланысты жұмыста жоғын, тергеу жайлы толық білмейтінін жеткізген. Бірақ Facebook жазбасы тергеуге түрткі болғанын айтқан. Облыстық полиция департаменті тарабынан басқа комментарий болған жоқ.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274 бабы (“Көрінеу жалған ақпарат тарату”) бойынша жалған ақпарат таратушы ірі көлемде айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмысқа жегілуі, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мария Мельникова – Азаттықтың БҚО тілшісі. Осыған дейін хабарланған митингілер алдында полиция оны бірнеше рет тергеуге шақырған. Бейбіт митингілерден хабар таратуға барған кезінде бірнеше рет ұстаған. Жылдың басында Қазақстан билігі Мельникова мен Азаттықтың астанадағы тілшісі Санат Орынәлиевке аккредитация бермеген.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG