Accessibility links

Нұр-Сұлтанда төрт науқастың халі ауыр


Нұр-Сұлтан көшесін дезинфекциялап жүрген адамдар. 24 наурыз 2020 жыл.
Нұр-Сұлтан көшесін дезинфекциялап жүрген адамдар. 24 наурыз 2020 жыл.

Нұр-Сұлтанда Covid-19 дертіне шалдыққан 61 адамның төртеуінің халі ауыр. Бұл туралы 26 наурызда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова хабарлады.

Оның сөзінше, төрт науқастан пневмония анықталған, ауа жетпей жатыр. Ал қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты, дене қызуы көтерілмеген.

Кисикова халықты азық-түлік пен дәрі-дәрмек үшін ғана далаға шығуға шақырды. Ол көшеге шыққанда маска киюді де ескертті.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 26 наурыздағы дерегіне сай, қазір елде 6963 адам карантинде. Оның 2164-і – ауруханада, 4799-ы – үйде.

26 наурыз 16:30-дағы дерек бойынша, бұл күні Қазақстанда 28 адамнан вирус табылды. Оның барлығы Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

Елде 13 наурыздан бері 109 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 40 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

26 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айығып, ауруханадан шықты.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының, қызмет көрсету орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына темір жол және ішкі рейстер тоқтады. Карантин жарияланбаған аймақтардағы сауда орталықтары, базарлар мен қызмет көрсету орындары жұмыс істей береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG