Accessibility links

АҚШ вирус жұқтырғандар бойынша әлемде бірінші орынға шықты


Нью-Йорктегі Тайм-сквер алаңы.
Нью-Йорктегі Тайм-сквер алаңы.

АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Worldometer сайтының мәліметінше, 26 наурызда АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 82 мыңнан асқан. Эпидемия басталғалы бері 1177 адам коронавирустан қайтыс болған (Қытайда - 3287 адам). Бейсенбі күні бір күнде 10 мыңнан астам адамға вирус жұққаны белгілі болды. 24 сағатта 150 адам қайтыс болған.

Нью-Йорк штатында 37 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо вирус жұқтырғандар күрт көбейгендіктен ауруханалар, медициналық мекемелер толып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Ауыр науқастарға қолданылатын өкпеге ауа жеткізетін аппарат жетіспеуі ықтимал. Нью-Йорк пен АҚШ-тың өзге штаттарында карантин жарияланды.

Конгрестің өкілдер палатасы 27 наурызда пандемия кезінде АҚШ экономикасы мен азаматтарын қолдау туралы шараларды заң жүзінде бекітеді. Шаралар пакеті 2 трлн долларға жетеді дейтін мәліметтер бар.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет пайда болғалы әлемде коронавирус жұқтырғандар жарты миллионға жуықтады. АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 27 наурызда әлемде вирус жұқтырғандар 530 мыңнан асты. 24 мыңнан аса адам қаза болып, 120 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.

Видео: "Тамағым кеуіп, тұла бойым ауырды". Коронавирус жұқтырғандар не дейді?

"Тамағым кеуіп, тұла бойым ауырды". Коронавирус жұқтырғандар не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:47 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG