Accessibility links

Антикоррупция агенттігі судьяның "жеке ұшақпен ұшқаны" жайлы ақпаратты тексеріп жатыр


Нұр-Сұлтандағы сот ғимараты.
Нұр-Сұлтандағы сот ғимараты.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 27 наурызда жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірігіп, Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа қатысты БАҚ-та жарияланған ақпаратты тексере бастағанын хабарлады. Бұған дейін жергілікті БАҚ-та "сот төрағасының жеке ұшақпен ұшқаны жайлы" ақпарат шыққан.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің айтуынша, әзірге жеке ұшақты Германияда операция жасату үшін Бәрпібаевтың кәсіпкер туысы жалдағаны анықталған.

"Бәрпібаев сот әдебін сақтады ма, жоқ па? Жоғарғы сот комиссиясы осы мәселені тексеріп жатыр. Нәтижесіне қарай шешім қабылданады" делінген агенттік хабарламасында.

Өткен аптада жергілікті БАҚ Германиядан келген жеке ұшақ бортында Бәрпібаевтың туыстары болды деп хабарлаған. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі ол кезде сот төрағасының еңбек демалысына шыққанын, қазір қайда екенін білмейтінін және денсаулық жағдайынан хабарсыз екенін айтқан еді.

60 жастағы Тілектес Бәрпібаев 2013 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған. Оған дейін Алматы облыстық сотының төрағасы болған. 2007-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық сот төрағасы болды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG