Accessibility links

Ұлыбритания премьері Борис Джонсоннан коронавирус табылды


Борис Джонсон елдегі коронавирус жағдайын баяндап тұр. 22 наурыз 2020 жыл.
Борис Джонсон елдегі коронавирус жағдайын баяндап тұр. 22 наурыз 2020 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Джонсонның өзі Twitter парақшасында хабарлады.

"Кейінгі 24 сағат ішінде аздап симптомдар байқала бастады. Кейін анализімнен коронавирус табылды. Қазір карантинде боламын және үкіметтегі жұмысымды видеоконференция арқылы жалғастыра беремін" деп жазды ол твитінде.

Қазір Ұлыбританияда 11 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. 578 адам қайтыс болды. Елде қазір карантин.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG