Accessibility links

Ақтөбеде "карантин режимін бұзғаны туралы" пост жазған тұрғын үш күнге қамалды


Ақтөбе қалалық әкімшілік сотының ғимараты. 27 наурыз 2020 жыл.
Ақтөбе қалалық әкімшілік сотының ғимараты. 27 наурыз 2020 жыл.

Әлеуметтік желіде "карантин режимін бұзғаны туралы" жазба жариялаған Ақтөбе тұрғыны үш тәулікке қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерді мониторинг жасаған полиция қала тұрғынының "карантин режимін бұзып, коворкинг орталығы мен кофейняға барғаны, көшеде серуендегені туралы" жазбасын аңғарған.

- Тексере келе оның карантиндегі тұрғындар тізімінде болмағаны анықталды. Бірақ басында (нақты қай уақыт екенін айтпады - ред.) короновирус жайлаған Азия елдерінің бірінде болып қайтқан. «Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекет жасағаны үшін» 27 наурыздан бастап үш тәулікке қамалды, - деп хабарлады полиция.

Жауапкер Ләйла Исламованың күйеуі Vlast сайтына прокурор 30 күн қамауды сұрады деп айтқан. Жауапкер жақ шешімді апелляцияға бермейтінін жеткізген. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдайға байланысты үй жағдайында өздерін оқшаулауға тырысқан Исламова кофе сатып алу үшін сыртқа шыққан. Күйеуінің айтуынша, Ләйла Исламова соңғы екі айда Қазақстан аумағынан шықпаған.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты осыған дейін төтенше жағдай барысы туралы жалған ақпарат таратқан тұрғынға 106 мың теңге айыппұл салған болатын.

27 наурыздан бастап үш тәулікке қамалған 33 жастағы әйелдің әлеуметтік желідегі (Instagram) парақшасына 30 мыңға жуық адам жазылған. Парақшасында ол өзін шешендік өнерге баулушы ретінде таныстырады.

«Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекет жасаған» әйелдің сотына Азаттық тілшісі де барған болатын. Төтенше жағдай режиміне орай келушілер санын мейлінше шектеген Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты тілшіні ғимаратқа өткізбеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG