Accessibility links

Қазақстанда тағы 11 адамнан коронавирус табылды, науқастар саны 200-ден асты


Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 28 наурыз түскі сағат 11.50-де тағы 11 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 10 адам, Алматыда - 1 адамнан вирус табылған. Шамамен бір сағат бұрын 43 адамнан вирус табылғаны белгілі болған еді.

Министрліктің айтуынша, Нұр-Сұлтанда екі науқас жазылып, үйлеріне қайтарылған. 28 наурызда тағы 10 адам ауруханадан шығады. Олар екі апта бойы үйде карантинде болады. Соңғы екі күнге вирус анықталған науқастардың барлығы стационарда жатыр. Олармен байланыста болған адамдар іздестіріліп жатыр.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, науқастар саны 204 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда - 117 адам
  • Алматыда - 58 адам
  • Қарағандыда - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Атырау облысында - 4 адам
  • Ақмола облысында - 5 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы - облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы алты науқас: Алматыда - екі, Нұр-Сұлтанда 14 адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG