Accessibility links

Ақтөбеде белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті табылды


28 наурыз күні таңғы сағат сегіз шамасында Ақтөбеде жергілікті белсенді Аманбике Хайрулланың мәйіті табылды. Таныстарының Азаттыққа айтуынша, Аманбике Хайрулланың асылып тұрған денесі қаланың шеткері ауданындағы қалың ағаш арасынан табылған. Бұл деректі Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы да растады.

Белсенді Хайрулланың өліміне байланысты Азаттық тілшісі полиция мен прокуратурадан ақпарат ала алмады. Полицияның баспасөз қызметі белсендінің өліміне қатысты ақпарат дүйсенбі, 30 наурызда дайын болатынын айтты.

Оқиғадан бір күн бұрын Аманбике Хайрулла Facebook парақшасына жазба жариялап, ата-анасы мен балаларынан кешірім сұраған. Бірнеше адамның есімін атап, «оларды өзінің өліміне кінәлаған».

Азаттық Хайрулланың жазбасында аты аталған кейбір белсендімен сөйлесті. Олар қазір полиция жауап алып жатқанын айтты. Белсендінің өз-өзіне қол салуына не түрткі болғаны белгісіз.

Марқұм Аманбике Хайрулла 33 жаста болған. Үш баласы бар жесір әйел. Ол Ақтөбеде өткен Қытай зауыттарына қарсы наразылыққа, саяси тұтқындарды босату талабы айтылған наразылық акцияларына, билікке қарсы бейбіт митингілерге қатысқан. Оның күйеуі осыдан үш жыл бұрын жол апатынан көз жұмған еді.

  • 16x9 Image

    Жаңагүл ЖҮРСІН

    Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG