Accessibility links

Атырауда коронавирус табылған 20 жастағы студент Алматыдан келген


Аурухана терезесінен қарап тұрған дәрігерлер. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 29 наурызда таңертең тағы 22 адамнан коронавирус табылды. Нұр-Сұлтанда - 16, Алматыда - 4, Атырау облысында - 1, Қызылорда облысында 1 адамнан вирус табылған.

Coronavirus2020.kz сайтының жазуынша, Атырау облысында вирус табылған алтыншы науқас - 20 жастағы студент 17 наурызда Алматы - Атырау бағыты бойынша ұшақпен келген. Инфекциялық изоляторға жатқызылған.

Атырау облысында 49 адам карантиндік стационарда бақылауда жатыр. Облыс бойынша жалпы 434 адам - дәрігерлер бақылауында.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша, 251 адамнан вирус табылған. Атырау облысы - коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан (151), Алматы (64), Қарағандыдан (7) кейін Ақмола облысымен (6) қатар төртінші орында тұр. Атырау облысында алты адамнан вирус табылған.

Қарай отырыңыз: Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз

Covid-19 қаншалықты қауіпті? 2 минутта түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG