Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 2:40-тағы дерегіне сай, елде тағы 14 адамнан коронавирус табылды. Оның 11-і - Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Алматыда.
29 наурыз Қазақстанда 34 адамнан коронавирус табылды.
Қазір елде науқастар саны 265 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.
30 наурыздан бастап Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары карантинге жабылмақ.
Вирус жұқтырған 265 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда - 162 адам
- Алматыда - 67 адам
- Қарағандыда - 7 адам
- Ақмола облысында - 6 адам
- Атырау облысында - 6 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 2 адам.
ПІКІРЛЕР