Accessibility links

Қазақстанда Covid-19 дертіне шалдыққан 284 адам анықталды


Алматы қаласының кіреберісіндегі блокпостта тұрған полицей.
Алматы қаласының кіреберісіндегі блокпостта тұрған полицей.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз 23:30-дағы дерегіне сай, елде тағы 13 адамнан коронавирус (Атырау облысында алты, Алматыда үш, Алматы облысында екі, Нұр-Сұлтанда бір, Ақтөбе облысында бір) табылды.

Бұдан бөлек, министрлік Алматыда екі адам Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады.

Қазір елде науқастар саны 284 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

30 наурыздан бастап Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылмақ. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды.

Вирус жұқтырған 283 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам
  • Алматыда - 70 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 6 адам
  • Алматы облысында - 6 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 2 адам.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG