Accessibility links

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды


Ақын Аманхан Әлімұлы. Сурет Facebook парақшасынан алынды.
Ақын Аманхан Әлімұлы. Сурет Facebook парақшасынан алынды.

Ақын, қазақ әбиетінің көрнекті өкілі, журналист Аманхан Әлімұлы 68 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Facebook әлеуметтік желісінде әріптестері жариялады.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін (1980), М.Горький атындағы бүкілодақтық Әдебиет институтының жоғарғы курсын (1993) бітірген. "Қазақ әдебиеті", "Түркістан", "Заң" газеттерінде қызмет істеген. 2012-2020 жылдар аралығында "Ақиқат" журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2020 жылдың қаңтарынан "Ақиқат" журналының шолушысы.

Ол қазақ әдеби сын жанрының дамуына үлес қосты. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді, журналистикада әдеби, танымдық және саяси - әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеулерімен танылды. Мұқағали Мақатаев атындағы әдебиет сыйлығымен, 2019 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.

«Кездесу», «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. Соңғы жылдары "Махаббатым менің", "Жанымның жапырағы", "Бес қоңырау", "Кездесу", "Өткірдің жүзі" атты публицистикалық және өлеңдер жинағы жарық көрген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG