Accessibility links

Қызылордада азық-түлік және қаржылай көмектің жоқтығына шағымданған топ әкімдікке барды


Қызылорда әкімдігінің алдына шағымданып келген топ. 30 наурыз 2020 жыл.
Қызылорда әкімдігінің алдына шағымданып келген топ. 30 наурыз 2020 жыл.

30 наурызда түсте Қызылордада оннан астам адам облыстық әкімдік алдына жиналып, әлеуметтік мәселелеріне шағымданды. Олардың арасында жалғызбасты аналар, тұрмысы нашар отбасылар, мүгедектігі бар адамдар болды.

Екі баласы бар жалғыз басты ана Айнұр Басанова коронавирустың таралуына байланысты жұмысын тоқтатып, 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек алғысы келетінін, бірақ жұмыс берушінің өтінішін қанағаттандырмай отырғанын айтты.

- Өзім қоғамдық жұмысшымын. Айына 37 мың теңге жалақы аламын. Үйде жейтін тамағымыз жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Үй кезегіне тұрғанымызға 11 жылдан асты. Қазір балам ауырып жатыр. Ауруы асқынып кеткен. Дәрігерлер далаға қайта-қайта шыға бермеңіз. Үйде адам аз болуы керек деп ескертті. Бірақ соған қарамастан жұмысқа баруға мәжбүр болып отырмыз. Кеше қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына бардық. Олар "егер атаулы әлеуметтік көмек алғың келсе, онда жұмысты тоқтатпайсың" деп айтты. Жәрдемақымен күн көріп отырғандықтан жұмысты тоқтатпауға мәжбүр болып отырмын. Сонда бұған дейін Тоқаевтың, Абаевтың әлеуметтік төлем туралы айтқандарының бізге қатысы жоқ па? Азық-түліктің таратылып жатқанына үш апта болды. Әлі ештеңе алған жоқпыз. Осындай жағдайда қалай күн көреміз? - деді Айнұр Басанова.

Бұған дейін билік өкілдері коронавирусқа байланысты жұмыстан шығып қалған немесе ақысыз демалысқа кеткен адамдарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленетінін айтқан еді. Соңғы жағдайда жұмыс беруші жергілікті атқару органдарына өтініш тапсыруы тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 29 наурызда ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға бұл төлемді алу үшін қосымша құжат қажет жоқ деген.

Дүйсенбі күні жиналғандардың бірі, үш баланың анасы Оксана Кенжебекова "мемлекет таратып жатқан азық-түліктен құр қалғанына" шағымданды.

- Ашпыз, әлеуметтік көмек жоқ. "Нұр Отанға" барсаң, облыстық әкімдікке жұмсайды. Әлеуметтік қамту орталығына барсаң, әкімдікке сілтейді. Әкімдіктен ешкім жауап бермейді. Менің үш балам бар. Аяғым ауыр. Аш-жалаңаш қалай үйде отырамыз? Күйеуім - жұмыссыз. Бұл не деген сұмдық. Мен сияқты қаншама әйел бар, - деді ол.

Сәлден соң облыстық әкімдіктен бір қызметкер шықты. Аты-жөнін айтпаған әкімдік өкілі жиналған адамдарға "мәселелеріңіз қаралып жатыр, тараңыздар, егер карантин режимін бұзатын болсаңыздар, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылуларыңыз мүмкін" деп ескертті.

Жиналған топ түстен кейін "Нұр Отан" партиясына баратын болып келісіп, тарады.

Өткен аптада Алматыда тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етуді талап еткен.

Видео: Шымкенттіктер мен қызылордалықтар биліктен көмек жоқтығына шағынды

"Ашпыз!". Шымкенттіктер мен қызылордалықтар биліктен көмек жоқтығына шағынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG