Accessibility links

Нұр-Сұлтан әуежайы 1 сәуірден бастап халықаралық рейстер қабылдауды тоқтатады


Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

1 сәуір түнгі сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежай барлық халықаралық тұрақты және эвакуциялық жолаушылар рейстерін қабылдауды тоқтатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі" делінген сайтта.

Нұр-Сұлтан - коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қазақстанда бірінші орында тұрған қала. Мұнда соңғы дерек бойынша, 175 адамнан коронавирус табылған. 14 адам жазылған. 19 наурызда қалада карантин жарияланып, 22 наурызда жолаушылар пойызы және ішкі рейстер толық тоқтаған. 28 наурызда қалада қоғамдық көліктер тоқтап, адамдардың сыртқа шығуына тыйым салынды. Қала тұрғындары тек азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін немесе жұмысқа бару үшін ғана сыртқа шыға алады.

Видео: Шетелде қалып қойған қазақстандықтар не істемек? (30 наурыз 2020 жыл).

Шетелде қалып қойған қазақстандықтар не істемек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:33 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG