Accessibility links

Денсаулық басқармасы: Алматыда 2 жасар баланың жағдайы жақсарды


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қалада коронавирус жұққан 82 адамның (4 ер адам, 2 әйел, бір бала) жетеуі жазылған. Қалалық инфекциялық ауруханада 76 науқас емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.

- 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бір ересек адамның жағдайы ауыр. Тоғыз науқастың халі орташа ауыр күйде. 2 жасар баланың жағдайы жақсарды. Бүгін (31 наурыз) соңғы анализді күтіп отырмыз, егер нәтижесі теріс болса, ауруханадан шығаруға дайынбыз, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, жаңадан коронавирус табылған тоғыз адамның барлығы сырттан келген: 5 адам - 30 наурызда Стамбул - Алматы бағыты бойынша ұшақпен келген. 6 адам 29 наурызда - Минскіден, 3 адам Дубайдан әр уақытта ұшып келген.

Қазір қалада 697 адам провизорлық стационарда жатыр. Олардың 84-і - бала. Екі күндік карантинде - 1029 адам, 3156 адам - үйде карантинде жатыр.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 325-ке жеткен. Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтаннан (175) кейін еікнші орында тұр. Мұнда 82 адамнан вирус табылған. Қалада 19 наурызда карантин жарияланған. 22 наурызда жолаушылар пойызы және ішкі рейстер тоқтады. 1 сәуірден бастап халықаралық рейстер тоқтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG