Accessibility links

Түркістанда короновирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтаннан келген


Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы. Көрнекі сурет.

Түркістан облысында короновирус жұқтырған 4 адамның үшеуі 21 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан келген Жетісай ауданының тұрғынмен байланыста болған, біреуі Алматы қаласынан келген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлім етті.

31 наурызда кешке қарай Түркістан облысында Нұр-Сұлтаннан келген Жетісай қаласының тұрғынынан короновирус жұқтырғаны анықталған еді. 27 наурызда науқастың дене қызуы көтерілген. 30 наурызда дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Бірінші науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағанды вокзалына жетіп, ол жерде алты сағат отырған. 22 наурыз күні таңертең Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға мініп, 23 наурызда Шымкент вокзалына түскен. Жеке көлікпен Жетісай қаласына жеткен.

Науқас 16 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың бесеуі – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, 11-і - Жетісай тұрғындары.

Жалпы елде науқастар саны 348 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігі таңертең Шымкентте - бір адам, Түркістан облысында төрт адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған. Елде 24 адам (8 адам - Алматыда, 16 адам - Нұр-Сұлтанда) дерттен айыққан. Екі адам көз жұмған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG