Accessibility links

Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда дәрігерлерге коронавирус жұққан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 1 сәуір күнгі брифинг кезінде Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда дәрігерлерге коронавирус жұққанын хабарлады. Бірақ ол нақты қанша дәрігер екенін айтпады.

Есмағамбетова осыған байланысты медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қарастыратын арнайы қаулыға қол қойған.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Атырауда медицина қызметкерлеріне коронавирус жұққаны хабарланған еді.

Осы аптада ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күресуге атсалысқан дәрігерлерге 250-850 мың теңге аралығында жалақыларына үстемақы қосылады деп айтқан. Медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясы жұққан жағдайда 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлем беріледі. Қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге беріледі.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 373 адамнан коронавирус табылған. 26 науқас жазылған. Үш адам қайтыс болған.

Коронавирус көп табылған Нұр-Сұлтан (184) және Алматы қалаларынан (84) кейін 30 наурызда бірнеше қала карантинге жабылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG