Accessibility links

Қырғыз президенті вируспен күресе алмаған екі министрді қызметтен алды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.

1 сәуірде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министрдің орынбасары Алтынай Омурбекова мен денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаевты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

31 наурызда Жээнбеков коронавируспен күресте "дұрыс жұмыс істемегені" үшін республикалық штаб пен денсаулық сақтау министрлігін сынаған еді. Ол коронавируспен күресте қажетті деңгейде қызмет атқармағаны үшін министрлер кабинетінің кейбір мүшелерін жауапқа тартуды ұсынған.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Жогорку Кенешке (Қырғызстан парламенті. - ред.) вице премьер-министр қызметіне депутат Аида Исмаилованы, ал денсаулық сақтау министрі қызметіне Республикалық карантин орталығы және аса қауіпті инфекция орталығының директоры - Сабиржан Абдикаримов ұсынды. Канидаттарды аталған қызметке тағайындау жайы алдағы уақытта Жогорку Кенеште талқыланады.

1 cәуір таңертеңгі дерек бойынша, Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 111 адам бар. Оның – 11 бала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG