Accessibility links

СҚО-да Сергеев қоймасында су арнасынан асып, 10 жол учаскесін шайды


Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев қоймасында қар еруіне байланысты су деңгейі арнасынан 30 сантиметрден асып, облыста маңызы бар 10 жол учаскесін су шайып кетті. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департамент облыстағы Қызыл су Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар ауданына, Петропавл қаласына тасқын қаупі төндіп тұрғанын мәлімдеді. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, 3 сәуірде Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин облыстағы өзен-көлдерді тікұшақпен барлап шыққан.

Қазгидромет мекемесінің мәліметінще, биыл көктемде Есіл өзенінің бойындағы елдімекендер тасқыннан зардап шегуі мүмкін.

«Қазір Есіл өзенінен қауіп төніп тұр. Бұған дейін 92 елдімекенге қауіп төнсе, енді оның 40 алып тастаңыз, сонда 50 шақты қалады. Өйткені 40 елдімекен еріген қар суының азаюына байланысты бұл тізімнен шығарылады» деді «Қазгидромет» мекемесінің СҚО филиалының директоры Қымбат Мергалимова.

Биыл су тасқыны 2019 жылмен салыстырғанда ерте басталды.

СҚО төтенше жағдай департаментінің дерегінше, аймақта су тасқыны болған жағдайда 484 адам, 155 техника, 72 мотопомпа және 8 жүзу құралы бар.

  • 16x9 Image

    Нұргүл АЛИНА

    Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және  әлеуметтік білімдер магистрі. 

    Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.

     

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG