Accessibility links

Жамбылда коронавирус табылған 17 науқастың төртеуі - Қырғызстан азаматы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

5 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысында 17 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Жергілікті атқару органы өкілдерінің айтуынша, төрт науқас Үндістанда болған. Ұшақтан түсе салысымен автобуспен карантиндік стационарға жеткізілген. Сараптама нәтижесі бойынша, 1984, 1996, 1998 және 2000 жылғы төрт адамнан вирус анықталған.

Жамбыл облысы Қордай ауданында 1975 және 1982​ жылғы екі адамнан короанавирус табылған. Олар вирус жұққан Нұр-Сұлтан тұрғынымен байланыста болған. 1999 жылғы тағы бір науқас 23 наурызда "Қостанай-Алматы" пойызымен Қостанайдан келген.

Қалған он науқас (4 Қырғызстан азаматы және 6 Қазақстан азаматы) көрші Қырғызстаннан Қазақстанға қарай шекаралық пункттен өтіп, тексерілген кезде диагнозы расталған. Олар көрші мемлекеттен жүк тасумен айналысқан.

"Барлық науқастар инфекциялық карантинге жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

Осыған байланысты 6 сәуірден бастап Қордай ауданында карантин режимі енгізіледі.

Жамбыл облысы - коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтан (219) және Алматы (110), Қызылорда облысынан (30) кейін төртінші орында тұр. Мұнда соңғы дерек бойынша, 28 адамнан коронавирус табылған. Наурыз айының соңында облыста шектеу шаралары енгізілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG