Accessibility links

Эр-Рияд Путиннің "Сауд Арабиясы ОПЕК келісімінен шықты" деген сөзін жоққа шығарды


Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Сауд.
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Сауд.

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің "Сауд Арабиясы тақтатас мұнай өндіретін бәсекелестерін нарықтан ығыстыру үшін ОПЕК+ келісімінен шықты" деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Arabnews сайтының жазуынша, сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд Путиннің "мәлімдемесінде айтылғандардың бәрі өтірік" деген. Ханзада Путин мәлімдемесі емес, Кремль сайтындағы стенограммадан алынған ақпарат құралдарындағы хабарламаға сүйенген.

Министрдің айтуынша, Ресей ОПЕК+ мұнай өндіруші елдердің келісімін ұзартудан бас тартып, 6 сәуірде болатын ұйым отырысында дұрыс шешім қабылдауға шақырған.

Бұған дейін ОПЕК-ке мүше елдер және Ресейдің энергетика министрінің келіссөзіне қатысқандардың бірі Bloomberg агенттігіне ресейлік министр келісімнен шығатынын хабарлаған кезде шетел әріптестерінің қатты таңғалып, дағдарып қалғанын айтқан болатын.

Осы апта соңында Мәскеу мен Эр-Рияд арасында келіссөз болатыны туралы хабар тараған кезде Brent маркалы мұнай барреліне 35 долларға дейін қымбаттады. Оның алдында 22 долларға дейін құлдырап кеткен еді. Ресей мұнай өндіруді азайтудан бас тартқаннан кейін халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт арзандаған. Бұған дейін ресейлік БАҚ Мәскеу нарықтан АҚШ-тың тақтатас мұнайын ығыстырғысы келді деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG