Accessibility links

Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды


Шымкент қаласында медициналық маман жұрттың дене қызуын өлшеп жатыр. 1 сәуір 2020 жыл.
Шымкент қаласында медициналық маман жұрттың дене қызуын өлшеп жатыр. 1 сәуір 2020 жыл.

Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Науқас 1964 жылы туған. Министрлік әзірге толық ақпарат бермеді.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша, 551 адамнан коронавирус табылған. Барлығы алты адам көз жұмған. 36 адам айыққан.

4 сәуірде Түркістан және Ақмола облысында екі адамның вирустан көз жұмғаны белгілі болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.

Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG