Accessibility links

Алматыда бір күнде 59 адам әкімшілік жазаға тартылған


Алматыдағы блокбекеттердің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы блокбекеттердің бірі. 19 наурыз 2020 жыл.

Алматы қаласында соңғы бір күннің ішінде "карантин режимін бұзған" 59 адам әкімшілік жазаға тартылған. 26 адам қамалған, 32 адамға айыппұл салынған. Бір адамға ескерту берілген. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған ресми БАҚ хабарлады.

Алматыда 19 наурызда коронавирусқа байланысты карантин режимі енгізілген болатын. Сол уақыттан бері сот 411 адамды төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартқан. 298 адам қамауға алынған. 194 адамға айыппұл салынған. 14 адамға ескерту берілген.

Соңғы мәлімет бойынша Алматыда 119 адамнан коронавирус табылған. 21 адам жазылған. Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтаннан (222) кейін екінші орында тұр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ірі қалаларда коронавирус жұқтырғандар санының тұрақтана бастағанын, керісінше аймақта көбейіп жатқанын хабарлаған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG