Accessibility links

Нұр-Сұлтан әуежайының коды NQZ деп өзгерді


Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы
Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы

Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды TSE-ден NQZ болып өзгерді. Бұл туралы 7 сәуірде Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Халықаралық әуе транспорты қауымдастығы (IATA) 6 сәуірде комитетке Нұр-Сұлтан әуежайының коды өзгергені туралы хабарлама жіберген.

Комитеттің дерегінше, жаңа код 2020 жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енеді.

“Әуе билеттерін брондау жүйелерінде, билеттерде, багаж жапсырмаларында, ақпарат таблоларында NQZ коды қолданылады” деп мәлімдеді комитет.

TSE колы қала атауы Целиноград болып тұрғанда берілген. Қазақстан үкіметі 2017 жылы маусымда Астана әуежайы атауын сол кездегі Қазақстан президентінің құрметіне “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” деп өзгерткен. Осыдан кейін билік әуежай кодын өзгерту бойынша келіссөз басталғанын да хабарлаған.

Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда президенттіктен кете сала (Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретінде әлі де биліктің бір тармағын ұстап отыр) оның орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткен. Елде Назарбаев атында университет, мектеп, көшелер бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG