Accessibility links

Еуроодақ шектеу шараларын азайту мәселесін талқылайды


Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Лейен әріптестерімен видеоконференция өткізуге даярланып жатыр. 23 наурыз 2020 жыл.
Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Лейен әріптестерімен видеоконференция өткізуге даярланып жатыр. 23 наурыз 2020 жыл.

8 сәуірде Еуроодақ экономикаға ықпалын азайту үшін коронавирусқа байланысты енгізілген карантиндік шараларды біртіндеп азайту мәселесін талқылайды. Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Лейен сәрсенбі күні комиссия мүшелерімен телеконференция өткізеді.

Одақ мүшелері пандемияның түрлі кезеңін бастан өткеріп жатыр. Кейбір үкімет экономикаға ықпалын азайту үшін шектеу шараларын жұмсартуды қолдайды. Австрия, Дания, Словения келесі аптадан бастап біртіндеп шектеу шараларын азайтатынын хабарлады. Бірақ азаматтарға қол алыспауға, топтасып жүрмеуге кеңес берілген. Алайда одақтың өзге мүшелері шектеу шараларын азайтса, вирус бұдан да жылдам тарап, мәселе бақылаудан шыға ма деп қауіптенеді.

Одақ аумағында коронавирустан 51 мың адам көз жұмған. Вирустан Италия, Испания, Франция қатты зардап шеккен.

Қарай отырыңыз: Ұлыбритания премьері ауруханада. Еуропада өлім-жітім азаймай тұр (7 сәуір 2020 жыл).

Ұлыбритания премьері ауруханада. Еуропада өлім-жітім азаймай тұр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG