Accessibility links

Коронавирус жұқтырғандар Нұр-Сұлтанда айтарлықтай азайған


Коронавирус кезінде Нұр-Сұлтан көшесін дезинфекциялап жүрген адам.
Коронавирус кезінде Нұр-Сұлтан көшесін дезинфекциялап жүрген адам.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штаб өкілдері Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар айтарлықтай азайғанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, қалада 222 адамнан коронавирус табылған. Нұр-Сұлтан қаласы вирус жұқтырғандар саны бойынша республикада алда болғанмен мамандар бұған дейін науқастар саны тұрақтанғанын айтқан.

Науқастардың 12 пайызына коронавирус басқа жақтан жұққан. 29 пайызы қалада жұқтырған.

Науқастармен байланыста болған 2167 адам анықталған. Бір адам орташа есеппен 10 адаммен араласқан.

Ресми органдар қалада коронавирусты анықтайтын жедел тест қоры жеткілікті екенін айтады. Бірақ тестен коронавирус белгілері байқалған адамдар ғана өте алады.

Нұр-Сұлтанда 19 наурыздан бастап карантин енгізілген. Тұрғындардың сыртқа шығуына шектеу қойылған. Қоғамдық көлік тоқтаған.

Сәуір айының басында Нұр-Сұлтан әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатты. Оның алдында жолаушылар пойызы, ішкі әуе рейстері тоқтаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG