Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 7 адам Covid-19 дертінен айықты


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуірде елде жеті адам Covid-19 дертінен айыққанын хабарлады. Олардың үшеуі – Алматыда, біреуі – Нұр-Сұлтан, біреуі – Павлодар облысында, енді бірі Жамбыл облысында.

Алматыда аурудан жазылғандар бірі – 1993 жылы туған әйел, ол 13 наурызда Минск-Алматы чартерлік рейсмен келген. Екіншісі – 25 жастағы еркек, ол 26 наурызда Мәскеу арқылы Стамбулдан келген. Үшіншісі – 1985 жылы туған әйел, ол 23 наурызда Мәскеу арқылы Стамбулдан келген.

Ал Жамбыл облысында дерттен айыққан ер адам 29 жаста. Ол Қырғызстаннан келген соң 24 наурызда коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Қазір ел бойынша 60 адам дерттен айықты. Қазақстанда 764 адамнан вирус табылды. 7 адам қайтыс болды.

Аурудан жазылғандар мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 30
  • Алматы қаласы – 26
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG