11 сәуірде денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 16 адамның жазылып шыққанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 3, Қарағанды облысында - 1, Алматыда - 9, Жамбыл облысында - 2, Шымкентте - 2 адам айыққан.
Жалпы республика бойынша 79 адам жазылған:
- Нұр-Сұлтанда - 34
- Алматыда - 37
- Павлодар облысында - 1
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1
- Алматы облысында - 1
- Жамбыл облысында -3
- Ақтөбе облысында - 1
- Қарағанды облысында - 1
- Шымкентте - 2 адам.
Барлығы 859 адамнан коронавирус табылған. Эпидемия басталған уақыттан бері 10 адам қайтыс болған.
10 сәуірде кешке қарай денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус жұққандардың шамамен 80 пайызының жағдайы жақсы екенін хабарлаған. 17 адамның жағдайы - ауыр, 107-інікі - орташа ауыр. Министрліктің айтуынша, кейбір аймақта эпидемияның жылдам таралуы байқалады.
Жұма күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемияның шарықтау шегі алда екенін айтып, төтенше жағдай режимін 30 сәуірге дейін созған. Төтенше жағдай жөніндегі комиссия өкілдері дегенмен кейбір кәсіпорындардың жұмысқа оралатынын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР