Accessibility links

Spiegel: АҚШ Германиядағы ядролық арсеналын жаңартты


Tornado ұшағы.
Tornado ұшағы.

АҚШ Германияның Бюхел әуе базасында орналасқан ядролық арсеналын жаңартты. Spiegel журналының жазуынша, жаңарту операциясы 2019 жылы күзде жүргізілген. Құпия операция аясында Бюхел әуе базасынан B61 типтегі 20 шақты термоядролық бомба АҚШ-қа жеткізілген. Программалық жабдықтаулары жаңартылғаннан кейін екі күннен соң әуе базасына қайта орналастырылған.

Deutsche Welle сайтының жазуынша, Вашингтон операцияны жүзеге асыру уақыты тақалған кезде ғана ол жайлы Берлинге хабарлаған. Операцияның жай-жапсарын айтудан бас тартқан АҚШ қорғаныс министрлігі ядролық қаруды тасымалдау кезінде қатаң қауіпсіздік нормалары сақталатынын ғана айтқан.

Бюхелде Германияның әскери әуе күштерінің 33-тактикалық эскадрасы шоғырланған. Керек кезде неміс ұшқыштары Tornado ұшақтарымен Америка бомбасын қажетті жерге жеткізеді.

Deutsche Welle сайтының жазуынша, Вашингтон да, Берлин де Германия аумағында Американың ядролық қаруы бар деген ақпаратты ресми түрде растамаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG