Accessibility links

Трамп АҚШ-тың барлық штатында апатты жағдай жариялады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус індетіне байланысты АҚШ-тың 50 штатында апатты жағдай жариялау туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады. АҚШ аумағында алғаш рет апатты жағдай жарияланып отыр.

Вирустан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде бірінші орында тұр. Мұнда 20,5 мыңнан астам адам көз жұмған. Нью-Йорк штаты індеттен қатты зардап шеккен (8,5 мыңнан астам адам қайтыс болған).

Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та жарты миллион адамнан коронавирус табылған. Бұл әлемдік көрсеткіштің үштен бір бөлігін құрайды.

Індет басталғалы бері Италияда 19,5 мың адам қайтыс болған. 152 мыңнан астам адамға вирус жұққан. Әлем бойынша Испания үшінші орында тұр. Мұнда 16,5 мың адам коронавирустан көз жұмған. 163 мыңнан астам адамға вирус жұққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG