Accessibility links

Алматы облысында төрт саяжай карантинге жабылды


Алматы облысындағы саяжай жолдарының бірі
Алматы облысындағы саяжай жолдарының бірі

Тоғыз адамның коронавируспен ауыратыны анықталған соң Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы төрт саяжай карантинге жабылды. Бұл ақпаратты биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

Бұл ақпаратқа қарағанда, облыстық штаб келісімімен «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» және «Береке» саяжайлары жабылған.

Коронавирус жұқтырғандар бұрын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған және провизор госпитальде карантинде жатқан. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, «азық-түлік пен өзге де қызметтермен қамтамасыз ету үшін саяжай тұрығндарының тізімі жасалған»

Алматы облысында бүгінге дейінгі мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырған 21 адам бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG