Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды


Алматыдағы зерттеу лабораторияларының бірі. көрнекі сурет
Алматыдағы зерттеу лабораторияларының бірі. көрнекі сурет

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан емделіп жатқан науқастың бірі қайтыс болды. Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар 11 адамға жетті. Бұл ақпаратты биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

Ресми мәліметте коронавирустан қайтыс болған адамның 41 жаста екені айтылған.

Соңғы мағлұматтар бойынша, коронавирус жұқтырғандар Шығыс Қазақстанда 7 адамға жеткен.

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласынан 6 адамнан (бір отбасы) және Бәйдібек ауданынынан 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар да оқшауланған.

Сондай-ақ бүгін Батыс Қазақстан облысында 1, Қарағанды облысында 11 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанда 972 адамға жетті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG