Accessibility links

Қазақстанда коронавирустан жүзінші адам жазылды


Көрнекі сурет

Бүгін коронавирус инфекциясынан Нұр - Сұлтан қаласының 82 жастағы тұрғыны жазылып шықты. Ол - Қазақстанда коронавирустан жазылған жүзінші адам. Бұл мәліметті биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялап, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасады.

Ақпаратқа қарағанда, 82 жастағы қарияның коронавирус жұқтырғаны 22 наурызда анықталып, ауруханаға жатқызылған. Оған қойылған диагнозда коронавирустан өзге де созылмалы дерттері болғаны көрсетілген.

- Ем аяқталған соң 24 сағат ішінде COVID-19-ға байланысты 2 рет зерттеу жүргізілді, қазіргі уақытта шағымдары жоқ,- дейді ресми ақпаратта.

Толықтыру:

Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 14:13-тегі ақпараты бойынша бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда қаласында 1 адам, Маңғыстау облысында бір адам жазылып, Қазақстанда коронавирустан жазылғандар 110 адамға жетті.

Бүгін түске дейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавируспен ауыратындар 972 адамға жетті, 11-і қайтыс болды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG