Accessibility links

Қазақстанда 28 адам дерттен айықты. Аурудан жазылғандар - 138


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 28 адамның коронавирус індетінен жазылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда - 20 адам. Төртеуі Ақмола облысында, үшеуі Алматы облысында, біреуі Алматы қаласында. Осылайша, елде 138 адам COVID-19 дертінен айықты. Елде 979 адамнан вирус табылды. 12 адам қайтыс болды.

Аурудан жазылғандар мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 63,
  • Алматы қаласы – 50,
  • Атырау облысы – 5,
  • Алматы облысы – 4,
  • Ақмола облысында – 4,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақтөбе облысы – 1,
  • Батыс Қазақстан облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG