Accessibility links

Ресейдің жүздеген қажылары мен студенттері Сауд Арабиясынан қайта алмай жүр


Меккеге қажыға барғандар.
Меккеге қажыға барғандар.

Ресейдің көбіне Шешенстан мен Дағыстаннан келген жүздеген қажылары мен студенттері наурыз айынан бері Сауд Арабиясынан қайта алмай жүр. Бұл ақпаратты Ресейдің сондағы азаматтарының бірімен сөйлескен "Открытые медиа" жариялаған.

Динара Нұриманова-Якупованың сөзінше, наурыз айының соңынан бастап Ресей консулдығы мен сыртқы істер министрлігі туристерді Ресейге әкете ме, жоқ па деген сауалға да жауап беруді доғарған. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сауд Арабиясында қалып қойған отандастарын арнаулы рейстермен әкетіп жатыр.

Росавиация таяу арада Сауд Арабиясынан эвакуациялық рейс жасайтын жоспары жоқтығын растады, ал проблема "Ресей аймақтарының өз адамдарын қабылдауға дайындығына, атап айтқанда "оларды оқшаулауға қажетті жағдай жасай ала ма" деген мәселеге тіреліп тұрған көрінеді.

Нұриманова – Якупованың айтуынша, "Сауд Арабиясында қалып қойғандар арасында жеке ұшаққа ақша төлеуге дайын азаматтар да табылған және олар Ресейден ұшып шығуға рұқсаты бар авиакомпаниямен келісіп те қойған. Алайда рейсті Ресей консулдығы реттегісі келмейді".

Дүйсенбі, 13 ақпаннан бастап Шешенстан билігі тұрғындарды үйден тек рұқсат қағазбен шыға алатын режимге көшірген, оларға жексенбі күні дүкен мен дәріханаға баруға да рұқсат жоқ.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG