Accessibility links

Франция мамыр айында карантин шараларын тоқтата бастайды


Франция президенті Эммануэль Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон

Францияда карантин шаралары мамырдың 11-інен біртіндеп тоқтай бастайды, алайда шілденің ортасына дейін жаппай көпшілік шаралары өтпейді. Үкімет арнайы қарамайынша Франция шекарасы жабық тұрады. Президент Эммануэль Макронның коронавирус эпидемиясына байланысты Франция азаматтарына жолдаған үшінші үндеуінің негізгі тезистері осылай.

Макрон денсаулығына күмәнданатындардың барлығы коронавирус тестінен өте алатынын мәлімдеді. Францияның әрбір тұрғынына маска беріледі. "Туннельдің арғы басынан бір жарық сәуле көретін шығармыз, бірақ қашан екенін білмейміз", – деді Макрон.

"Франция өзге де мемлекеттер секілді бұл эпидемияға дайын болмады" деп мойындады президент.

Сәуірдің 13-іне Францияда 4188 адамның жаңадан вирус жұқтырғаны (коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 136 779) және 574 адам өлгені (COVID-19-дан өлгендердің жалпы саны – 14 967) анықталған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG