Accessibility links

Нью-Йорк губернаторы: пандемияның ауыр кезеңі артта қалды


Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо (ортада) ұлттық гвардия алдында сөйлеп отыр. 27 наурыз 2020 жыл.
Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо (ортада) ұлттық гвардия алдында сөйлеп отыр. 27 наурыз 2020 жыл.

"Пандемияның Нью-Йорктегі ең ауыр кезеңі артта қалған болуы мүмкін" деп мәлімдеді АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо.

Ол күн сайын өтетін брифингте "инфекцияның таралу деңгейі бақылауға алынғанын" хабарлады. Бұл штатта коронавирустан өлгендер 10 мыңнан асып, азая бастаған.

Губернатордың сөзінше, экономикалық белсенділіктің түгелге жуық кідіртілуі, мектептер мен университеттердің жабылуы, өзге де карантин шаралары коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға жәрдемдескен.

Сонымен бірге Эндрю Куомо алты губернатормен бірлесе отырып, кәсіпорындар мен фирмалар жұмысын біртіндеп қайта жандандыру жоспары жасалып жатқанын хабарлады. Әзірге жоспардың егжей-тегжейі жарияланбаған, бірақ ол штат тұрғындарын вирусқа қарсы жаппай тесттен өткізіп, жұқпалы ауру ауқымы жайлы анық мағлұмат жиналған соң басталады деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG