Accessibility links

ҚМДБ: Рамазан айында тарауық намазы мешітте жамағатпен оқылмайды


"Ақмешіт" мешітіндегі намаз. Шымкент, 27 маусым 2019 жыл.
"Ақмешіт" мешітіндегі намаз. Шымкент, 27 маусым 2019 жыл.

Коронавирус пандемиясына байланысты рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Бұл ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сілтей отырып, биліктің Қазақстандағы коронавирус жайлы мәліметтерін тарататын coronavirus2020.kz жариялады.

ҚМДБ төрағасы таратқан хабарға қарағанда, "төтенше жағдайға байланысты карантин кезіндегі рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқиды".

ҚМДБ төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекіткен. Діндарлар сұрағына жауап беру үшін call-center ашқан.

Рамазан айы биыл Қазақстанда 24 cәуірде басталады. 30 күнге созылатын рамазан (ораза) айында кешкі ауызашардан кейін мешітке келгендер тарауық намазын бірге оқиды.


ПІКІРЛЕР

Жаңалықтар

63471 виджет ашылмады

Көз сала отырыңыз

63469 виджет ашылмады

AzattyqTV

81043 виджет ашылмады
XS
SM
MD
LG