Accessibility links

Қазақстанда тағы 53 адам COVID-19 дертінен айықты


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 18.40-тағы мәліметіне сай, елде тағы 53 науқас COVID-19 дертінен айықты. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда - 46 адам, қалған жетеуі Атырау облысынан. Осылайша, елде коронавирус жұқтырған 203 адам аурудан жазылды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 110,
  • Алматы қаласы – 58,
  • Атырау облысы – 12,
  • Алматы облысы – 5,
  • Ақмола облысында – 4,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Қызылорда облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Қазақстанда 1199 адамнан вирус табылды. 14 адам қайтыс болды. Кейінгі бір тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 174 адам анықталды, олардың 116-ы – дәрігер.

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай тәртібін биылғы 1 мамырға дейін ұзарту туарлы жарлыққа қол қойды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG