Accessibility links

Жээнбеков Қытай басшысынан қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді сұрады


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қытай басшысы Си Цзиньпин қол алысып тұр. Пекин, 6 маусым 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қытай басшысы Си Цзиньпин қол алысып тұр. Пекин, 6 маусым 2018 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, өзге мәселелермен қатар Қырғызстанның Қытайдан алған несиесі мәселесін де қозғаған. Жээнбеков Қырғызстанға Қытайдан алған қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді және несие өтеуді жеңілдету жағын қарастыруды сұраған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Екі ел басшысы телефон әңгіме барысында коронавируспен күрес мәселесі, қырғыз-қытай арасындағы жүк тасымалдауды қалпына келтіру мәселесін талқылаған.

2020 жылдың 31 қаңтар күнгі дерегі бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 616,56 млн долларды құрайды. Оның ішінде сыртқы қарыз көлемі - 3 млрд 874,57 млн доллар. Сыртқы қарыздың басым бөлігін қытайлық "Эксимбанктен" (1,7 млрд доллар) алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG