Accessibility links

Әлемде 2 миллионға жуық адамға коронавирус жұқты


Ұлттық әскер сарбазы. Нью-Йорк, АҚШ. Сәуір 2020 жыл.
Ұлттық әскер сарбазы. Нью-Йорк, АҚШ. Сәуір 2020 жыл.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар 2 миллион адамға жуықтады. Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде 1 млн 982 мың адамнан коронавирус табылған. Шамамен 126 мың адам қайтыс болған. 487 мыңнан астам адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ бәрінен алда тұр. Мұнда жарты миллионнан астам адамнан вирус табылған. Испанияда - 172 500, Италияда – 159 500, Францияда – 137 800, Германияда – 130 400 адамға вирус жұққаны анықталған.

Халықаралық валюта қоры Африканың 19 мемлекетінің қарызын кешірді. Олардың арасында Мали, Буркина-Фасо, Нигер, Малави және Мозамбик бар. ХВҚ атқарушы директоры Кристалина Георгиеваның пікірінше, қарызды кешіру кедей елдерге қаржылық ресурсты вируспен күресуге жұмсауға мүмкіндік береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG