Accessibility links

Германияда "теракт әзірледі" деген күдікпен төрт тәжікстандық қамалды


ДАИШ-тің Тәжікстандағы тобының жетекшісі сотта тұр.
ДАИШ-тің Тәжікстандағы тобының жетекшісі сотта тұр.

15 сәуірде Германияда "америкалық әскери нысанға шабуыл жасады" деп күдікке ілінген ДАИШ (өздерін "Ислам мемлекеті" деп атайтын экстремистік топтың араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы - ред.) террористік тобының төрт мүшесі қамауға алынды. Прокурордың хабарлауынша, төртеуі де - Тәжікстан азаматы.

Федералдық прокурорлар күдіктілердің аттарын ғана жариялады: Азизжон Б., Мухаммедали Г., Фарходжон К. және Сунатулло К.

Прокурорлардың айтуынша, 2019 жылы қаңтар айында ДАИШ-ке қосылған төртеуіне террористік топтың Германиядағы ошағын құру тапсырылған. Тергеу орындарының болжамынша, олар бастапқыда Тәжікстанда шабуыл ұйымдастыруды жоспарлағанмен кейінірек райынан қайтып, АҚШ-тың Германиядағы әскери базасын нысанаға алған.

Прокуратура мәлімдемесінде күдіктілердің шабуыл ұйымдастыру мақсатында қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алғаны айтылған. ДАИШ-тің Сирия мен Ауғанстандағы екі жоғары шенді өкілдерімен байланыста болған деген болжам бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG