Accessibility links

Шымкентте вирус жұқтырған бір адам қайтыс болды. Елде 16 науқас көз жұмды


Шымкент қаласының шығаберісіндегі полицейлер. 1 сәуір 2020 жыл.
Шымкент қаласының шығаберісіндегі полицейлер. 1 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 15 сәуір 17.00-де Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды. Ол 4 сәуірде аурханаға жатқызылған. 1954 жылы туған марқұм бұрын пневмония, бауыр циррозы және қант диабетімен ауырған.

Сондай-ақ министрлік 15 наурыз кешкі 19.00-де елде тағы 20 адам (Нұр-Сұлтанда - 18, Алматыда-2 науқас) дерттен айыққанын мәлімдеді. Осылайша, сәрсенбіде 58 адамға вирус жұққаны, 27 адам аурудан жазылғаны, екі адам қайтыс болғаны хабарланды.

Қазір Қазақстанда барлығы 1290 адамнан вирус табылды. 240 адам дерттен айықты. 16 адам көз жұмды. Олар мына аймақта:

  • Ақмола облысы – 4
  • Шымкент қаласы – 3
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2
  • Алматы қаласы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 1
  • Қостанай облысы – 1
  • Павлодар облысы – 1
  • Түркістан облысы – 1

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG