Accessibility links

Алматы әкімдігі қалада 800 адамға вирус жұғады деп болжайды


Алматы қаласы. 14 сәуір 2020 жыл.
Алматы қаласы. 14 сәуір 2020 жыл.

Алматы әкімдігі сарапшылардың пікіріне сүйене отырып, қалада 800 адамға коронавирус жұғады деген болжам жасады. Әкімдік вирус инфекциясының шырқау шегі сәуірдің екінші жартысында келеді деп топшылайды. Бұл туралы 16 сәуірде өткен онлайн жиында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

16 сәуір 20.30-дағы мәліметке сай, Алматыда 398 адамнан вирус табылған. Олардың 200-ге жуығы - медициналық қызметкер. Қалада 67 адам дертте айығып, екі адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қарт адамдарды 15 мамырға дейін көшеге шықпауға шақырды (ДДСҰ дерегінше, вирус 60 жастан асқан адамдарға қауіпті). Әкімдік қалада маусымның соңына дейін қандай да бір ірі шара болмайтынын мәлімдеді.

20 сәуірден бастап қалада құрылыс жұмыстары, нотариус, көлік жуу, көлік жөндеу орындары, киім тазалау, екінші деңгейлі банктер, байланыс және ақпараттық қызмет көрсететін орталықтар, техника жөндейтін орындар жұмысын бастайды. Әкімдік мамырдың соңына таман ірі сауда орталықтары, ірі базарлар, ойын-сауық орындары, караоке, боулинг, сұлулық салондары, шаштараздар, спорт орталықтары, тамақтану орындары, білім беру мекемелері, демалыс орындары ашуды жоспарлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG