Accessibility links

Қытай елшісі Қазақстан наразылығын тудырған мақаланы "қаскөйлер" жазды деп санайды


азақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев (оң жақта) пен Қытай елшісі Чжан Сяо Нұр-Сұлтанда кездесіп отыр. (Сурет СІМ Facebook парақшасынан алынды).
азақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев (оң жақта) пен Қытай елшісі Чжан Сяо Нұр-Сұлтанда кездесіп отыр. (Сурет СІМ Facebook парақшасынан алынды).

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Нұр-Сұлтанның Пекинге нота жолдауына түрткі болған Sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуды қалайды?" деген мақаланы "қаскөйлер" жазды деп санайды.

Нұр-Сұлтан 14 сәуірде “Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесіп, www.sohu.com интернет платформасында жарияланған “Қазақстан неге Қытайға оралуды қалайды?” деген мақалаға қатысты наразылық білдіріп, қарсылық нотасын жібергенін хабарлаған. Сол күні Sohu.com сайтындағы мақала ашылмай қалған.

Чжан Сяо үш күннен соң жазған Facebook постында “мақаланы арандату” деп атап, “кімнің мүддесі үшін жасалғанын анықтау керек” деді.

“Авторы белгісіз мақала қытай тілінде жазылып, Қытай интернет-ресурсында шыққандықтан ғана оның авторы Қытай азаматы және Қытай үкіметіне қатысы бар деп айту — асығыс тұжырым емес пе?” деп жазды Чжан Сяо.

Sohu.com интернет платформасында жарияланып, кейін ашылмай қалған мақалада “Тарихта Қазақстан Қытайдың аумағына тиесілі болған, Қазақстан Цин империясының вассалы еді” деген жолдар болған еді.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан Қытайға тиесілі" деген сипаттағы мақала наразылық нотасына түрткі болды

Қазақстан тарабы Sohu.com сайты жариялаған "мұндай сипаттағы мақала мемлекет басшыларының 2019 жылы 11 қыркүйекте қол қойған бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейді" деп санайды.

Елшіні шақыру я наразылық нотасын жолдау - бір-бірін сынай бермейтін Қазақстан мен Қытай үшін ерекше жағдай. Қазақстан Батыс елдері мен Халықаралық ұйымдар "Қытай Шыңжаңдағы миллионға жуық мұсылманды, соның ішінде этникалық ұйғырлар мен қазақтарды саяси лагерьлерге қамап жатқаны жайлы хабарлағанда" қандай да бір мәлімдеме жасамаған. Нұр-Сұлтан Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлер саясатына қатысты әлі күнге нақты ұстаным да білдірмеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG