Accessibility links

Авиация әкімшілігі Bek Air ұшақтарының сертификатын қайтарып алды


Bek Air ұшағы
Bek Air ұшағы

Қазақстанның авиация әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының Fokker маркалы тоғыз ұшағының ұшуына рұқсат беретін сертификатты қайтарып алды. Бұл туралы Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, компания сертификатты алу үшін “қайта толық сертификация процедурасынан өтуі” тиіс

Былтыр 27 желтоқсанда Алматыда Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air компаниясының Fokker-100 жолаушы ұшағы әуежайдан әуеге көтеріле бере апатқа ұшырап, сол маңдағы үйге соғылған. Бортта 95 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апаттан 13 адам қайтыс болды.

Осы оқиғадан соң Bek Air әуе компаниясының қызметіне тыйым салынған. Билік апатқа ұшаққа мұз қату себеп болған дейді.

Ұшақ соғылған үйдің жаңадан салынып жатқаны, апат кезінде үйдің ішінде адам болмағаны хабарланған. Bek Air компаниясының өкілдері әуежай маңында құрылыс болмағанда адам шығыны болмас еді деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG