Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1500-ден асты


Алматы көшесіндегі жедел жәрдем көлігі.
Алматы көшесіндегі жедел жәрдем көлігі.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 17 сәуір 22.50-де елде тағы 48 адамнан вирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматыда - 34 адам. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 5 адам, Жамбыл облысында 1 адам дертке шалдықты.

Қазір Қазақстанда 1546 адамға вирус жұқты:

  • Алматы қаласы – 495
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 346
  • Қызылорда облысы – 143
  • Шымкент қаласы – 46
  • Ақмола облысы – 81
  • Ақтөбе облысы – 23
  • Алматы облысы – 37
  • Атырау облысы – 72
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 54
  • Батыс Қазақстан облысы – 33
  • Қарағанды облысы – 87
  • Қостанай облысы – 9
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Павлодар облысы – 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Түркістан облысы – 56

Елде 347 адам дерттен айықты. Коронавирус жұқтырған 17 адам қайтыс болды. Жұма күні Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде 21 адамның жағдайы ауыр деп мәлімдеді. Оның сөзінше, дертке шалдыққандардың 79 пайызында симптомдар аз я байқалмайды.

Қазақстанда 420-дан астам медициналық қызметкерге вирус жұққан. Олардың 53 пайызы Алматы қаласында, 33 пайызы Нұр-Сұлтан қаласында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG