Accessibility links

Коронавирус жұққан "Роскосмостың" екі қызметкері қайтыс болды


"Роскосмос" корпорациясының ұшуды басқару орталығы.
"Роскосмос" корпорациясының ұшуды басқару орталығы.

Коронавирус жұққан "Роскосмостың" екі қызметкері ауруханада қайтыс болды. Олардың жасы 62 және 68-де болған. Бұл туралы "Роскосмос" жетекшісінің орынбасары Олег Фроловқа сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлады.

Коронавирус жұқтыруы мүмкін кәсіпорынның тағы бір қызметкері пневмониядан қайтыс болған. "Роскосмоста" барлығы 42 қызметкер COVID-19 ауруына шалдыққан. Бұған дейін ТАСС агенттігі құпия дереккөзіне сүйене отырып, "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының бас конструкторы Евгений Микриннен коронавирус табылғанын хабарлаған.

Жұма, 17 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Ресейде 32 008 адамнан коронавирус табылған. 273 адам қайтыс болған. 2590 адам жазылған. Ресейдің барлық аймағынан вирус табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG